«Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарында бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін, сағат 12:00-де «Бұл – біздің Қазақстан» этнофлешмобы өтті. Оған 2500-ден астам бала қатысты.
Әсем шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы хореографиялық ұжымдар мен этнолингвистикалық орталықтар қатысқан мерекелік бағдарламамен аяқталды», - делінген мәліметте.
Айтылып өткендей, этнофлешмоб әлеуметтік желілерде #әлем_халықтарының_билері, #мектептің_өзін-өзі_басқаруы, #өзін-өзі_басқару, #БұлБіздіңҚазақстан хэштегтерімен жарияланатын болады.