Астанада 2 бау-бақша серіктестігіндегі жер телімдері мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынады

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласы мәслихатының шешімімен «Ударник» және «Урожай» бау-бақша серіктестіктеріндегі бірқатар жер телімдері мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынады.

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысына қарап және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 16 бабы 3-тармақшасына сәйкес, Астана қаласы мәслихаты «Ударник» бау-бақша серіктестігіндегі - №105 және 195-інші учаскелерді, «Урожай» бау-бақша серіктестігіндегі - №278, 282, 283, 284, 295, 296, 297, 299, 300, 309, 310-ыншы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу шешімін шығарды.

Шешім 2011 жылғы 7 желтоқсанында қабылданды және қабылданған күннен бастап күшіне енді.