Астанада 2 мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты
20:13, 15 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада коммуналдық қызметтер қаланы қардан тазарту жұмысын жалғастырып жатыр. 15 сәуір күні 2 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Таңертең елорданың көшелері мен жолдарын қардан тазартуға 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қар тазалау жұмысы ерекше назарға алынып, белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 312 723 рейс жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, елордада ауа температурасы 5-7 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін.