Таңертең елорданың көшелері мен жолдарын қардан тазартуға 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қар тазалау жұмысы ерекше назарға алынып, белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 312 723 рейс жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, елордада ауа температурасы 5-7 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін.