Астанада 2 сәби иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Астанада 2 бала иіс тиіп уланды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бүгін, түнгі сағат 00.16-да Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан Өндіріс кентінде жекеменшік тұрғын үйде пештің ақауы салдарынан 2009 және 2011 жылғы 2 сәби иіс тиіп уланды.

Олар ауруханаға жеткізілді.