Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, шараға Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының кәсіпкерлері және тауар өндірушілері қатысады.
Жәрмеңке барысында қала тұрғындары мен қонақтарына оқулықтардың, мектеп формаларының, спорттық киімдер мен аяқ киімдердің, кеңсе тауарларының түр-түрі ұсынылады. Тауар 10%-дан бастап 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылады.
Қалалық алаңдағы жәрмеңке кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Оқушылар сарайының, музыка мен өнер мектептерінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салады.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында халыққа консультациялық көмек көрсету үшін қоғамдық қабылдау қызмет етеді.