Астанада 20-дан астам көшенің бойындағы үйлерге ыстық су беру тоқтатылды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 21-22 мамырда елорданың жекелеген үйлерінде жылу магистралі бойындағы тығыздықты сынау мен дайындықтарға байланысты ыстық су беру тоқтатылады.

Бұл туралы «Астана-Жылутранзит» АҚ-ға сілтеме жасап, astana.kz сайтында хабарланды.

Компанияның мәліметі бойынша, ыстық су Республика, Бөгенбай батыр, Абай, Әуезов, Мәскеу, Бейбітшілік, Дүкенұлы, Жангелдин, Торайғыров, Сейфуллин, Отырар, Ғабдуллин, Кенесары, Желтоқсан, Рысқұлов, Бөкейхан, Иманов, Ағыбай батыр, Ғұмар Қараш, Қорқыт, Рамазан, Бараев, Омаров, Жәнібек Тархан, Айманов даңғылдары мен көшелерінде уақытша берілмейді.

«Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары берілген ұйғарымға сәйкес, ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастауы қажет. Әрі осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс. Жылу беру желісіндегі барлық жұмыстар тоқтатылуы керек», - делінген хабарламада.