Астанада 20 мүгедекке көлік салығы заңсыз салынған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Алматы» ауданының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының бұзылу фактісін анықтады, деп хабарлады қадағалау ведомствосының баспасөз қызметінен.

Астана қаласындағы Алматы аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы бақылауға алынған ауданда тұратын 20 жарымжан адамға көлік салығын салғаны анықталды. Ал Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 365-бабына сәйкес, меншігінде бір көлік құралы бар мүгедек адамдар салық төлемейді.

Мүгедек адамдардың құқығын қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 15 маусымында аудан прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының мекенжайына заңнаманың бұзылғаны туралы ұсыным енгізген.  Алайда салық органы прокурорлық елеудің енгізген актісін тиісті түрде қарастырған жоқ, мүгедек адамдардың бұзылған құқықтары орнатылмады.

Қадағалау актісін лайықсыз қарастыру фактісі прокурордың Алматы аудандық сотына шағымдануына негіз болды.

Алматы аудандық сотының 2018 жылғы 9 қарашадағы шешімі бойынша, прокурордың өтініші қанағаттандырылып, Астана қаласындағы Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының іс-әрекеттері заңсыз деп танылған, ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.