Астана қаласында 2017 жылы түрлі саладағы жұмыс берушілермен 19 257 тұрақты жаңа жұмыс орындары, соның ішінде: көлік саласында - 1876, құрылыс саласында - 1977, өндіріс саласында - 449, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 14 955 жұмыс орны ашылған. Бұл жаңадан ашылған жұмыс орындарының 78% құрайды.
Елорданың еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырудың аясында елорда әкімі Әсет Исекешев бекіткен Астана қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту ісінде қолдау көрсетудің 2017 жылға арналған кешенді жоспары жүзеге асқан болатын. Жоспар негізінен жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтиды. Қорытындыларға сәйкес мемлекеттік қолдауға 23 429 адам ие болды.
Жоспар бойынша «Нұрлы жол», ИИДМБ, БЖК- 2020, Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту сияқты барлық мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың асяында жұмыспен 21 730 адам қамтылуы тиіс еді. Дәлірек айтқанда, жоспар 108 %-ға орындалды.