құрылысы осы күнге дейін аяқталмаған №5-ші тұрғын үй кешені 2010 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Бұл туралы өзінің жеке блогында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
«2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша бүгінгі күні жалпы аумағы 11,167 шаршы метр болатын Оңтүстік-Шығыс шағынауданындағы № 1-ші және 2-ші тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталды (пәтерлердің жалпы саны - 194). Осы тұрғын үй кешеннің 3-ші кезегін ағымдағы жылдың соңына дейін беру жоспарлануда», - делінген И.Тасмағамбетовтың жауабында.
Сондай-ақ әкім, 2010 жылдың желтоқсанында №5-ші тұрғын үй кешені де (640 пәтер) салынып бітірілетінін айтты.
«Қазіргі уақытта аталмыш нысаның қабырғалары қалануда, кәріздік жүйелер, желдеткіш шахталар мен терезелер орнатылуда. Нысанның уақытында іске қосылуына Астана қаласының Құрылыс басқармасы қадағалау жүргізуде», - дейді ол.
Айта кетейік, 2005-2007 жылдарғы тұрғын үй бағдарламасында комиссияның оң шешімін 3326 адам алып, 2010 жылдың қаңтарына дейін олардың тек 1738-і ғана тиісті баспаналарына қол жеткізген болатын. Қалған 1588-дің бір бөлігі құрылысы соттың араласуымен аяқталған №6-шы тұрғын үй кешенінен бірнеше ай бұрын алды.
Сондай-ақ қала басшысының сөзіне қарағанда, 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары үстіміздегі жылдың соңына дейін баспанамен толық қамтамасыз етілетін болады. Өз санаттары бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған Мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына пәтер кілттері бірінші кезекте беріледі.
2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама бойынша қалада Н.Тілендиев даңғылының оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 247,6 мың шаршы метр болатын 5612 пәтерлік тұрғын үй кешендерінің құрылыстары жүргізіліп жатыр, қатысушылардың саны - 5612.