Астанада 2008-2010 жылдарғы Мемтұрғын үй бағдарламасының тағы 178 қатысушысы пәтерлерін алды

None
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бірінші кезегін жүзеге асыру аясында 187-інші көшедегі төрт нысан - 23, 23/1, 21/1 және 27-інші үйлер немесе 178 пәтер пайдалануға берілді.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Тұрғын үй бағдарламасына «балалары бар жас отбасылар», «мемлекеттік қызметкерлер», «мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері» және «мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлері» санаттары бойынша қатысқандардың арасында пәтерлерді үлестіру бойынша тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті.

Баспана алатындардың тізімі www.astana.kz сайтында жарияланды. Олар сату-сатып алу келісім-шартын жасау үшін Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына (Бигелдинов көшесі, 74/1) баруы тиіс.