Астанада 2011 жылы жол-көлік апатынан 6 бала қаза тауып, 72-сі жарымжан болды - Жол полициясы
16:32, 07 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада ағымдағы жылдың 11 айында жол-көлік апатында 6 бала мен жасөспірім қаза тауып, 72-сі жарымжан болды,
деп хабарлайды Астана қаласының Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
«Жалпы 11 ай ішінде балалардың қатысуымен 76 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 6 бала көз жұмды. Соның ішінде 4 апат балалардың өз кінәсінен болған», - делінген хабарламада.
Басқармада мәлім етілгеніндей, жол қозғалысының кішкентай қатысушыларын жолда жүру тәртібіне үйрету үшін жол полициясы басқарамасы мен елордадағы Қуыршақтар театры №60 мектеп негізінде қалада «Жаяу жүргінші» атты акциясын өткізбек.
Іс-шара аясында 400-ден астам бастауыш сынып оқушылары «Маугли жол белгілері елінде» атты спектакль қойылымын тамашалайды. Сонымен қатар оларға жас инспекторлардың өнері таныстырылып, сыйлықтар табысталады.