деп хабарлайды Астана қаласының Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
«Жалпы 11 ай ішінде балалардың қатысуымен 76 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 6 бала көз жұмды. Соның ішінде 4 апат балалардың өз кінәсінен болған», - делінген хабарламада.
Басқармада мәлім етілгеніндей, жол қозғалысының кішкентай қатысушыларын жолда жүру тәртібіне үйрету үшін жол полициясы басқарамасы мен елордадағы Қуыршақтар театры №60 мектеп негізінде қалада «Жаяу жүргінші» атты акциясын өткізбек.
Іс-шара аясында 400-ден астам бастауыш сынып оқушылары «Маугли жол белгілері елінде» атты спектакль қойылымын тамашалайды. Сонымен қатар оларға жас инспекторлардың өнері таныстырылып, сыйлықтар табысталады.