«Департаменттің кеңесімен жаңа құрылған нотариустардың көбі бұрын нотариалдық қызметтер көрсетілмей келген аудандарда ашылды. Атап айтқанда, Лесозавод, 40 станция, Оңтүстік-шығыс шағын ауданы, Шығыс Ильинка, Көктал шағын ауданы, Заречный кенті. Енді осы ауданның тұрғындары орталыққа бармайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2013 жылы Астанада 663 нотариус жұмыс істесе, 2012 жылы олардың саны 487 болған. Айта кетейік, қалада 5 заң консультациясы мен 9 адвокаттық кеңсе қызмет етеді, ал адвокаттардың жалпы саны - 379.