Мәдениет және спорт министрлігі он аталым бойынша жыл үздіктерін анықтапты. Атап айтар болсақ, «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша Илья Ильин, Жасұлан Қыдырбаев, Геннадий Головкин, Зүлфия Чиншанло, Денис Тен, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Назым Қызайбай, Зарина Дияс, Айбек Нұғымаров сынды спортшылар аталды.
Ал «Жылдың үздік жаттықтырушы» атағы Т. Бектеміров, Д. Әділғазин, М. Елеусінов, В. Ни, А. Казаков, С. Қоржыкенов, Ж. Өмірзақов, Ф. Кэролл сынды жаттықтырушыларға берілді. «Жылдың үздік спорт федерациясы» атағын Қазақстанның бокс федерациясы, ескекті спорт түрлерінің «Қайық» федерациясы, ҚР ауыр атлетика федерациясы, ҚР су спорты түрлерінің федерациясы және Ұлттық конькишілер федерациясы алды.
«Жылдың үздік спорттық ұйымы» атағына Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы, Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы, Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв республикалық мектеп-интернат-колледжі және Өскемен қалалық Олимпиадалық даярлау орталығы лайық деп танылды.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының «Раисовское» ЖШС директоры В. Коваленко, Ақтөбе облыстық «ПОШ сауықтыру орталығы» ЖШС құрылтайшысы А. Мамырбаев, «Биік» ЖШС (ОҚО) директоры Б. Әбдубайтов және «ИПК ZHERSU» ЖШС (Алматы облысы) Б. Оспанов «Жылдың үздік меценаттары» атағына ие болды.
Салтанатты кеш барысында барлық аталымдардың лауреаттарына құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.