«2014 жылы коммуналдық қалдықтарды жинауды негізгі екі типке бөлу жоспарланған. Органикалық және тұрмыстық қалдықтар. Қолданыстағы метал контейнерлер пластик контейнерлерге ауыстырылады және жеке секторда күл жинайтын контейнерлер орнатылады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қалдықтарды өңдеу тереңдігін 50% дейін арттыру үшін биыл қоқысты қайта өңдеу кешенінде биогаз құрылғысын салу көзделген. Аталған құрылғы қалдықтарды қайта өңдеу, балама энергия көздерін (жылу және электр энергиясы) алуға мүмкіндік береді.