Астанада 2015 жылға дейін «ақылды» электр есептеуіш құралдары енгізіледі

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада электр энергиясын есептеу және автоматтандыру жобасы аясында 2015 жылға дейін елорданың жеке сектор абоненттеріне «ақылды» электр есептеуіш құралдары енгізіледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілген баспасөз-туры барысында компанияның басқарма төрағасының орынбасары Жанат Машкенов мәлім етті.

«Бұл «ақылды» электр есептеуіш құралы болып табылады. Құрылғыларды қаланың барлық жеке секторына 2015 жылға дейін толық енгізу жоспарлануда», - деп атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, есептеуіш құрылғыларын жеткізу жақын арада тендер өткізілгеннен кейін басталады. Жоба Астанада 3 жыл жүзеге аспақ. «Бұл ең алдымен қаржыландыруға байланысты болмақ. Осы уақыт аралығында 10 мың есептеуіш орнату көзделуде. Халық тек тұтынған электр энергиясы үшін қаражат төлеуі тиіс екендігін түсінуі тиіс», - дейді ол.

Айта кетейік, «Астана-АЭК» АҚ негізгі қызметі Астана қаласының тұтынушыларына электр энергиясын беру және тарату болып табылады.