«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асыра бастағаннан бері басқарма 3 629 пәтерге арналған жалпы ауданы 190,9 мың шаршы метрді құрайтын 14 тұрғын үй кешенін пайдалануға берді», - деп хабарлады Астана қалалық құрылыс басқармасынан.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бағдарлама аясында 2015 жылы 1 335 пәтерге арналған жалпы ауданы 71,37 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
Оның ішінде жалпы ауданы 7,9 мың шаршы метрді құрайтын 170 пәтерлік Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы аумағын 10,8 мың шаршы метрді құрайтын 242 пәтерлік Сауран және №24 көшелерінің қиылысы ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы ауданы 11,75 мың шаршы метрді құрайтын 179 пәтерлік №23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 көшелерінің қиылысы ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы аумағын 12,59 шаршы метрді құрайтын 314 пәтерлік Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай көп пәтерлі тұрғын үй кешені, жалпы аумағы 28,38 мың шаршы метрді құрайтын 430 пәтерлік Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені бар.
Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы ауданы 386,9 мың шаршы метр құрайтын 7 812 пәтерге арналған тұрғын үй құрылысы аяқталды.
Соның ішінде 2015 жылы мемлекетттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында мына нысандардың құрылыс аяқталды: «Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай, М.Жұмабаев даңғылынан шығысқа қарай тұрғын үй кешендерінің құрылысы (№1 лот, №6, 7, 9, 10, 11 ноқаттар)» 1056 пәтерге арналған, жалпы ауданы 68,6 мың шаршы метр, «Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай, М.Жұмабаев даңғылынан шығысқа қаарай тұрғын үй кешендерінің құрылысы (№1 лот, №1, 8 ноқаттар)» 474 пәтерге арналған, жалпы ауданы 29,7 мың шаршы метр.