Астанада 2015 жылы 21 балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің саны артуда.

«2015 жылдың қорытындысына сәйкес қалада 140 балаға зорлық-зомбылық көрсетілсе, оның 21-і сексуалдық сипатта», - делінген Сарыарқа аудандық прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Ведомствоның талдау деректеріне сәйкес балаларға қатысты сексуалдық қылмыс санының артуына ересектердің адамгершілік қасиетінің төмендеуі ғана емес, сонымен бірге кәмелеттік жасқа толмағандардың рухани деңгейінің төмендеуі, түнде қыдыруға әуестіктері және т.б. себеп болуда.