Елордада білім беру нысандарын салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл 10 700 орынға есептелген 9 мектепті пайдалануға беру көзделген. Қазіргі кезде 6 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының құрылыс басқармасынан хабарлады.
Әрқайсысы 1200 орынға есептелген мектептер № 41 және Л. Мирзоян көшесінің қиылысында, № 50 көше мен Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде; Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, Жұмабаев көшесінің шығысында; Жәнібек, Керей хандар к-сі, Орынбор және Түркістан көшелерінің орамында; Еңбекшілер, Орынбор және Жәнібек, Керей хандар көшелерінің қиылысында, сондай-ақ, Сыганақ көшесінің оңтүстігінде орналасқан. 5 575 орынға есептелген алты мектептің құрылысы жалғасуда, соның ішінде екеуі 800 орындық КТМ, құрылысты аяқтау мерзімі - 2015 жыл. Жыл соңына дейін үш мектеп салынып бітеді.
Сонымен қатар, бүгінде Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында орналасқан 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 5 балабақша мен 1 260 орынға есептелген 1 қосымша ғимарат салынып бітеді. 1960 орынға есептелген 8 балабақшаның құрылысы жалғасуда.