«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет келесі номинациялар бойынша берiледi: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық ән және қоғамдық қызмет.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.