Астанада 2017 жылдан бастап ақылы көлік тұрағы енгізіледі
19:34, 28 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2017 жылдан бастап ақылы көлік тұрағы енгізіледі. Тұраққа көлік қою құны 100 теңге болып белгіленбек. Бұл туралы adilet.zan.kz сайтында жарияланған «Астанада көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті белгілеу туралы» қаулысында жазылған.
«Астананың көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда 1 сағат орынтұраққа қойғаны үшін тариф 100 теңге көлемінде белгіленсін» делінген қаулыда.
Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 108-2602 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 1084 болып тіркелді.