Бағдарлама шарттарына сәйкес, Астана әкімдігі апатты жағдайдағы үйлерді бұзып, олардың орнына ауданы бойынша тең (яғни, «квадратқа квадрат») жаңа пәтерлер береді.
Жалпы, жоба бағдарламасы бойынша 2017 жылдың соңына дейін 228 апатты үйді бұзып, 3500 отбасын көшіру көзделген. Айта кетейік, 2013 жылы апатты жағдайдағы 11 тұрғын үй бұзылып, 178 отбасы көшірілген болатын.
2014 жылдың соңында - 2015 жылдың басында 31 апатты үйді бұзу және сәйкесінше онда тұратын 463 отбасын көшіру жоспарланған. 2017 жылдың соңына дейін қалған 186 үй бұзылады.