Астанада 2017 жылы барлық әскерилер пәтерлермен қамтамасыз етіледі
Жаңа тоғыз қабатты кірпішпен салынған тұрғын үй елорданың әскери қызметшілері көп тұратын ауданда - Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан. Үйдің аумағы 15 мың шаршы метрден асады. Әскерилерге табыс етілген пәтерлер ең қажетті жиһаздармен, ас үй техникаларымен жабдықталған. Үйді салу барысында балалар алаңы, автокөлік тұрағы сияқты орындар да назардан тыс қалмаған.
«Бізде Астанада Орынбор көшесінде үлкен жер телімі бар. Онда тұрғын үй қалашығын салу жоспарлануда. Шамамен 6-8 көпқабатты қызметтік үйлер салынады. Жалпы 2017 жылға дейін орташа есеппен 120 пәтерлі 12-ге тарта тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл Астана бойынша әскери қызметшілерді пәтерлермен толық қамтамасыз етіледі деген сөз», - дейді Күрделі құрылыс және пәтерлендіру бас басқармасының бастығы Ильдар Гениатулин.