Аталған кампанияны өткізу үшін сапалы жағдайлар жасау, иммундау мерзімі, екпе қабылдағаннан кейін міндетті медициналық бақылау жүргізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер қарастырылды. Қазіргі уақытта 21 580 балаға вакцина салу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, қаланың 10 емханаларында және 7 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, сондай-ақ 110 білім беру ұйымдарында 127 екпе салу бөлмелері мен иммундау жүргізу үшін 142 жылжымалы бригадалар құрылған.
16:06, 02 Қыркүйек 2015
Астанада 21 мыңнан астам жасөспірімге вакцина салу мәселесі өзекті болып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылды. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың жетекшілігімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұқпалы ауруларды төмендету бойынша штаб отырысы өтті. Жиын барысында 15-19 жас арасындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қарастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.