Бұл туралы Агенттік тілшілеріне берген сұхбатында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қаршыға Құлмұқанов мәлім етті.
214 сайлау учаскесінің 31-і кіріп-шығу шектеулі мекемелерде орналасқан. Атап айтқанда, 22 - ауруханаларда, 6 - әскери бөлімшелерде, 2 - тергеу изоляторларында және 1 - медициналық-санитарлық мекемеде. Қалған 183-інің 60 - Сарыарқа ауданында, 76-ы - Алматы, 15-і Есіл аудандарындағы түрлі нысандарда орналасқан.
Қ.Құлмұқанов анықтап бергендей, дауыс беру бюллетендері әзірлене бастаған 2011 жылдың 1 наурызына дейін елордада сайлаушылар тізімінде 340 мың адам болды.
Еске салайық, бүгінгі күнге дейін өзін сайлаушылар тізімінде анықтамаған азаматтар, сайлау учаскелерін қала әкімдігі жанында құрылған 8 (7172) 55-74-50, 55-74-55 және 55-74-53 анықтама телефондары арқылы біле алады.