Астанада 23 қазанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Кazinform агенттігі дүйсенбі күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

Сағат 10.00-де Astana Hub Event Hall-да әйелдерді IT-мамандықтарға тегін оқыту бойынша IT-Aiel бағдарламасының қорытындысына арналған шара өтеді.

Сағат 11.00-де «Республика күнін мерекелеу қарсаңында және барысында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн-брифинг өтеді. Спикерлер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев.

Сағат 18.00-де Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен 25 қазан – Республика күні мен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қорынан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» көрмесі ұйымдастырылады.