24 ақпан күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.
23 ақпаннан 24-іне қараған түні қаладан 34,9 мың текше метр, яғни, 2 647 рейс қар шығарылды.
Қыс басынан бері қар полигондарына барлығы 378,4 мың рейс, яғни 5,14 млн текше метр қар шығарылды.
Сондай-ақ қозғалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.