Астанада 23 тамызда оқушыларға арналған мектеп жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қалалық әкімдік алдындағы Орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтті, келесі жәрмеңке бір аптадан соң болады, деп хабарлады astana.kz.

Астанада мектеп тауарлары мен оқу құралдары жәрмеңкесі өтті. Келесі жәрмеңке 23 тамызда өтеді. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін жәрмеңке сенбіге жоспарланған. Онда оқушыға қажетті заттардың барлығы бар. Оқушы сөмкесі, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар киімі қолжетімді бағамен сатылуда.

Астана қаласы әкімдігі алдындағы Орталық алаңда өткен бүгінгі жәрмеңкеде 30 сауда шатыры тігілді. Онда астаналық кәсіпкерлермен қатар, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген іскер азаматтар да өз тауарларын ұсынды.