Астанада 24 сағат бойы жүгіруден ашық чемпионат өтеді

АСТАНА.ҚазАқпарат - 7-8 қазан күні Астана қаласында «Self-Transcendence - өз-өзінді бағындыру» атты тәулік бойы жүгіруден ашық Қазақстан чемпионаты өтеді, бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

Ашық чемпионатты салауатты өмір салтын насихаттап жүрген елордалық Astana Runners клубы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы бірлесіп ұйымдасырып отыр. Аталған бәсеке Астана қаласының орталық саябағының шаңғы-роллерлік тас жолында өтеді.
 

Ұйымдастырушылардың айтуынша , жарысқа кез келген марафоншы және әуесқой спортшылардың қатысуына болады. Пункттердің барлығында ыстық тамақ, медициналық көмек, демалу орны қарастырылған.

Жарыс өтетін тас жол сертификациядан өткізілген. Ұлттық дәрежедегі төрешілер қазылық етеді. Ультрамафонға қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ норматив орындағандарға спорт дәрежелері беріледі.

Айта кетерлігі, жарысқа қатысуға қазірге дейін 50-ден астам адам өтініш білдірген. 7 қазан чемпионат алдында сол жерде де тіркелуге мүмкіндік қарастырылған.

Ашық чемпионаттың бағдарламасы:

Қашықтық

Старттың басталуы

Мәреге жетуі уақыты

Лимит

Ең төменгі талаптар

6 сағат

Сағ 10:00

07.10.2017

Сағ 16:00

07.10.2017

-

Марафон, 42 шақырым 195 метр

100 шақырым

Сағ 21:00

07.10.2017

10:00-ден кешікпеу керек

08.10.2017

13 сағат

Марафон, 42 шақырым 195 метр

24 сағат

Сағ 10:00

07.10.2017

Сағ 10:00

08.10.2017

130 шақырымнан кем емес

Марафон, 42 шақырым 195 метр