Астанада 2494 заңсыз көшіп-қонушы анықталды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат -  «Участок» шұғыл-алдын алу іс-шараларын жүргізу аясында көші-қон полициясының қызметкерлері Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін шетелдіктерді немесе басқа да азаматтығы жоқ 1722 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты,

 деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, республикамызда тіркелмей тұрып жатқан 2494 адам анықталып, 39 шетелдік көші-қон заңнамаларын сақтамағаны үшін ел аумағынан шығарылды.