Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері елорданың жаңа 25 мыңыншы сәбиіне кішігірім сыйлық - автокреслосы бар «қысқы/жазғы» арба сыйлады.
Мекеменің айтуынша, есеп туу уақыттарын журналға тіркеу арқылы жүргізілді. Мәліметтер Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығына жіберіліп отырған, сол арқылы Астанада дүниеге келген 25 мыңыншы баланы анықтадық.
«Бүгінде Астана қарқынды даму үстіндегі қала. Жыл сайын Астанадағы туу санының өсуі байқалады. Жыл сайын №3 перзентханада шамамен 7 мыңға жуық ана босанады. Биылғы 9 айда 1324 кесар тілігі операциялары жасалып, 6 184 әйел табиғи жолмен босанған», - деп жазылған хабарламада.