Астанада 25 шақырым жол жөнделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 11 сәуірде Жәнібек Тархан көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен Асан қайғы көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары басталып, автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жөндеу аясында су құбырын, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы бөлікте жылу трассасын қайта салу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Тиісті жөндеу жұмыстарын үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау көзделген. Биыл 25 шақырым жол бөлігі жөнделмек: - Тілендиев даңғылы Күмісбеков көшесінен көлік орамына дейін; - Абай даңғылы Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін; - Бейбітшілік көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейін; - Қарасай батыр көшесі; - Шевченко көшесі; - Ш. Жиенқұлова көшесін (Фурманов көшесі) көпірден Бейсекбаева көшесіне дейін; - Гете көшесі; - Жаңақоныс көшесі; - Жансүгіров көшесі; - Мүсірепов көшесі; - Дулатов көшесі Бәйсейітова көшесінен Аспара көшесіне дейін; - Брусиловский көшесі Абай көшесінен тұйық көшеге дейін; - Ташенов көшесі Ташенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейін; - № 15 көше Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін; - Бурабай көшесі Қобыланды батыр көшесінен КТК дейін; - Оқжетпес тұйық көшесі; - Қарағандылық көшесі; - Көкжиек көшесі (Көктал-1 ТА); - Жиенбет Жырау көшесі «Мисон» ТК өтетін жол (Шұбар ТА); - Игілік көшесі (Өндіріс); - Заречный ТА, Еңбекшілер көшесіндегі № 14 тұйық көше.