Орталықтың Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланғандай, Лепсі көшесіндегі нөмірі 42, 42/1, Іле көшесіндегі 30, 30/1, 32, Қошқарбаев даңғылындағы нөмірі 80-ші үйде таңертеңгі 10-нан 22:00-ге дейін су болмайды. Себеп: 200 мм диаметрлі су құбырына жөндеу жүргізіледі.
Сондай-ақ, 9-дан 13:00 аралығында Көктал-1, Абайдың 150 жылдығы, Бозбиік, Ақбөкен, Жайылма көшелеріндегі үйлерде жарық сөндіріледі.
14-ден 17:30 аралығында Тілендиев даңғылы (жартылай), Радлов, Бозбиік, Кызылкенеш, Сұлутал, Сейдаллина, Ақбиік, Дәулет Керей, Байынкөл, Майлыбай, Келешек көшелерінде жарық болмайды.