Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі 47 мыңнан астам бүлдіршін мектепке дейінгі біліммен қамтылған болса, қазіргі таңда 26 мың бала балабақша кезегінде тұр.
Балаларды балабақшамен қамту динамикасы жақсы жүріп жатыр және ол бақылауда. Мәселен, 2017 жылдың басында қамту 70,6% болса, бүгінгі таңда ол 78% құрайды.
Мектепке дейінгі біліммен қамтудың негізгі бөлігі мемлекеттік тапсырыс бойынша 79 балабақшаға (2,7 млрд теңгеге) орналастыру арқылы қол жеткізілді және бұл қосымша 9000 жаңа орынға өсті. Осылайша, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны мемлекеттік балабақша санынан екі есе көбейген (96 мемлекеттік және 188 жеке).