«Әлі табылмай тұр. Басқалай ақпараттарды тергеу мүддесі үшін әзірге тарата алмаймыз. Барлығы біткен бойда, айтамыз», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-ға Бақтиярдың досы Ақан.
Еске сала кетейік, 11 тамызда Бақтияр сағат 14.00-те Бәйтерек маңындағы «Дипломат» тұрғын үй кешеніндегі үйінен шыққан. Жас жігіт әуежайдан анасын қарсы алуы тиіс болатын. Бірақ та оның жақындарынан ешкім де бұдан кейін оны көрген жоқ.
Туыстарының айтуынша, Б.Жаманғараев Астанада тұрады, бойы шамамен 170-175 см, дене бітімі орташа.
Астана ІІД Бақтияр Жаманғараевтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты қуаттады. Қазіргі кезде полицияға хабарланғаннан кейін жас жігітті іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, жоғалып кеткен сәтке дейін жас жігіт букмекер кеңсесінде бәс тіккен.