«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 27 мамыр күні көшпелі бұлт жүріп, таңертең және күндіз жауын жауады (қар, жаңбыр). Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3... 5°С, күндіз 6... 8°С болады.
Ал 28 мамыр күні көшпелі бұлт жүріп, түнде және күндіз жауын жауады. Күндіз жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 м/с болмақ. Ауа температурасы түнде 0... 2°С, күндіз 15... 17°С болады деп күтілуде.
29 мамыр күні көшпелі бұлт шығады. Аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 жылдамдықпен соғады, жел екпіні 15-20 м\с. Ауа температурасы түнде 6... 8°С, күндіз 15... 17°С болады.