НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда үш автобус бағдары уақытша өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Astana LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 cәуірден бастап жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №35, 36, 73 бағдарлары көрсетілген қозғалыс сызбасы бойынша уақытша қатынайды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 5 сәуірден бастап, жол жөндеу жұмыстарына байланысты № 5А, 6, 16, 37, 72 автобустардың бағдары уақытша өзгерген болатын.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.