Кеше елорданың Оңтүстік Шығыс шағынауданында Айнакөл 31 көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан 2011, 2007 және 2006 жылдардағы 3 бала иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
Сол күні ОҚО-ның Сайрам ауданында Абай 32 көшесінің бойында орналасқан «Жұлдыз» бағбандық қоғамның саяжайында өрт болды. Жалын шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдай орын алған жерден күйік шалған 26 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді.