Астанада 3 инсульттік орталық ашылған. Олар: Алматы ауданы тұрғындарына қызмет көрсететін № 1 ауруханада, Сарыарқа ауданы тұрғындарына қызмет көрсететін орталық теміржол ауруханасында және Астана қаласының Есіл ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсететін Республикалық ғылыми орталықта орналасқан.
Ведомстводан хабарлағанындай, № 1көпбейінді қалалық аурухана базасындағы инсульт орталығы Алматы ауданының халқына географиялық мүмкіндіктеріне қарай қызмет етіп, ауру белгісі білінісімен алғашқы 3 сағат ішінде шұғыл көмек береді.