Астанада 3 қабатты ғимарат өртеніп жатыр
08:47, 10 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы үш қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы үш қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр.
Оқиға орнында 3 жауынгерлік участкесі құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ Алматы қоймаларында өрт фактілері неліктен көбейгені туралы жазған едік.