Бұл туралы бүгін брифингте Астана қалалық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Мамырдың 11 мен 13 күндері аралығында өткізілген жедел-алдын алу шарасы көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтау мақсатында өткізілген болатын.
«Жедел-алдын алу шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша, көші-қон полициясы қызметкерлері 665 шет ел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартып, оның 56 әкімшілік сотпен елден шығарылды. Жеке тұлғасын анықтау үшін ІІД Қабылдап-тарату орнына ТМД-нің 74 азаматы орналастырылды»,-деп атап көрсетті Н. Ораз.
Оның айтуынша, шара барысында ІІД криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстаған.