деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 2005 жылдан бері сүріліп тасталып келе жатқан тұрғын үйлердің ішінде қала әкімдігінің арнайы жоспарына кірмеген үйлер де бар. Өйткені ол үйлерді жоспарлы түрде емес, ыңғайына қарай құлата берген. «Ал азаматтар өздерінің үйлерінің сүріліп тасталатынынан мүлдем бейхабар болып шықты. Енді біз сол үйлерді бұзған құрылысшыларды да таба алмай отырмыз», деді прокурордың орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, ашынған азаматтар қазір түрлі пикеттер мен өзге де наразылық шараларын ұйымдастыра бастаған. «Бұған ішкі істер және заң органдары тиісті шаралар қолданулары керек.
Бірақ ішкі істер саласы қазір жерге қатысты құзырлы органдар тарапынан бір кездері жіберілген кемшіліктерге жауапты болып отыр. Өйткені халық қалыптасқан мәселенің күрделеніп кеткендігін осы органдардан көріп отыр. Сондықтан біз бұл мәселені жер саласына қатысты барлық органдармен бірлесе отырып шешуіміз керек», деді прокурордың орынбасары.