Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 13 шілдеде сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы – 08:00.
Жүгіру жарысы аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтарға ұтыс ойындары ойнатылады.
Айта кетейік, аталған іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды.