Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жұманов мәлім етті.
«Елорда аумағында өткен «Барыс» жедел алдын алу шарасы барысында Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 3 жасырын ойын залын анықтап, 29 ойын автоматын тәркіледі», - деді ол.
Сондай-ақ оның атап өтуінше, сапаржай аумағы, хауыздар тексерілген. Нәтижесінде жеңіл жүріске салынған 40-тан астам бөйжеткен ұсталған. Олардың алтауы арнайы қабылдау орнына жеткізілген. Сонымен бірге іс-шара барысында заңсыз айналымнан бірнеше травматикалық және суық қару, электрошокерлер алынған.