Астанада 3 жігіт иіс тиіп уланды

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданындағы уақытша тұруға арналған үйлердің бірінде 3 адам иіс тиіп уланды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2 ақпанда 08 сағат 41 минутта пештің ақауынан 25, 20 және 17 жастағы 3 жігіт иіс тиіп уланды. Олар ауруханаға жеткізілді.