ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлағандай, ауқымды оқиға қазақ мәдениеті мен тарихының көп ғасырлық жауһарын жинақтаған. Этноауылды өз саласындағы айрықша және алғашқы ұлттық жоба деп мақтанышпен айтуға болады. Кешеннің қақпасына кіре бергеннен қонақтарды батыр көшпенділердің, шексіз сар даланы бағындырушылардың ежелгі заманына қас қағым сәтте алып барады. Астананың мерейтойын атап өтуге келген әр адам өзі үшін қызықты және есте қаларлық оқиғаны көруіне мүмкіндік алады.
Этнауыл аясында этникалық музыка және театр өнерінің фестивальдері, көрмелер, қолданбалы-сәндік өнерінің әртүрлі шеберлік сыныптары, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, атты-спорттық іс-шаралар өтеді.
2,5 мың шаршы метр алаңына жайылған аймақ «Шеберлер ауылы», «Спорттық-цирктік іс-шаралар», «Концерттік зал», «Демалыс аллеясы», «Дәстүрлі қазақ және шығыс тағамдары мейрамханасы», «Ұлттық дәстүрлер мен салттар», «Жібек жолы» Шығыс базары және «Аңшылықтың дәстүрлі түрлері» секілді көптеген секторларға бөлінген.
Этнауыл аясындағы ең ауқымды оқиға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Алпамыстың жарқын жебесі» атты театрландырылған цирктік шоуы болады.
Қойылымға әр елден келген 70 артист қатысады. Олар: халықаралық цирктік конкурстарының лауреаттары және ең жоғары деңгейдегі спорттық сайыстардың жеңімпаздары, Du Soleil циркінің көп жылдар бойы қатысушылары.
«Этноауыл» Астана қаласынан 14 шақырым жердегі «Қазанат» атшабарының аумағында орналасқан.