Астанада 30 күн бойы тегін ауызашар ұйымдастырылады

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның Мұсылмандар діни басқармасы Зекет қорының Астана қаласындағы өкілдігі Астана қаласындағы «Қойша» дәмханасында оразаның әр күнінде жүз кісіге арнап ауызашар дастарханын жаяды, деп хабарлайды muftyat.kz.

«Кешірім мен мейірімге толы Рамазан айында сауапты іс жасаймын деген кез келген адамның халыққа ауызашар ұйымдастыруына мол мүмкіндігі бар. Алла Тағала ораза ұстаған жандардың мұраттарын асыл, ниеттерін қабыл еткей, Астана қаласындағы мұсылман жамағатты әр күні тегін ауызашарға шақырамыз. Келемін деушілерге әрқашан есігіміз ашық», - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Дастархан Абдулкәрім есімді азаматтың қолдау көрсетуімен ұйымдастырылуда.