Биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті спидкубер жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты. Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, рубик текшесі логика мен шығармашылықты ұштастыратын өнер туындысына айналды.
«Осы арқылы ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізуді мақсат еттік», – деді ол.
«Абай әлемі» атты мәдени бағдарлама екі күн бойы поэзиялық кештер мен шығармашылық қойылымдармен жалғасты. Мыңдаған келуші жастардың креативтілігіне жоғары баға беріп, ұлттық мұраға құрмет көрсетті.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба – Абай мұрасын жаңаша танытудың тың қадамы. Мақсат – жас буынның ұлттық сана мен елдік құндылықтарды терең ұғынуына ықпал ету.
Айта кетейік, Абайдың 180 жылдығына арналған аламан бәйгеде Павлодардың жылқысы бірінші келді.