Бұл туралы astana.kz сайтына Алматы ауданы әкімі аппаратынан хабарлады.
«Үстіміздегі жылы Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінде жалпы ауданы 32 500 шаршы метр мұз айдынын салу көзделген. Астаналықтарға ыңғайлы болуы үшін айдында конькиді жалға алу және тамақтану орындары ашылады», - деп хабарлады әкімдіктен.
Аумақ биіктігі 250 см шыны талшықтан жасалған 13 фигурамен безендіріледі, сонымен қатар, LED экран орнатылады, ал айдынның жұмысын ұйымдастыру үшін әкімшілік жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, Алматы ауданында мектептердің аумағында 9 корт: №5 мектеп гимназияда 2 корт, №27 ОМ 2 корт, №28, №30, №31, №32 және №53 орта мектептерде бір-бір корттан салынады.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыру үшін «Жерұйық» саябағында конькиді жалға алу орындарымен мұз айдынын салу көзделген.